«Математика біздің айналамызда!» атты математикалық сауаттылық апталығының салтанатты ашылуы өтті
24.01.22 күні «Математика біздің айналамызда!» атты математикалық сауаттылық апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мақсаты: Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Міндеті:
- білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
- математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
- оқушылар арасындағы математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
- білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру.
Апталықты математика пәнінің жоғары санатты
ұстазы, педагог-зерттеуші Садвокасова А.Т. құттықтау сөзімен ашылып, оқушылардың тақырыптық бейнетүсірілімдері көрсетілді.
10 сынып көшбасшы оқушыларының үгіт-насихат тобы математиканың бүгінгі таңда маңыздвлығына тоқталды.
Математематикалық сауаттылық апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!Ф