«Әлихан мұрагерлері» дебат клубының мектеп‐лицейшілік турнирі өтті

«Әлихан мұрагерлері» дебат клубының мектеп‐лицейшілік турнирі өтті

22.01.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ жанындағы «Әлихан мұрагерлері» дебат клубының мектеп‐лицейшілік турнирі өтті.
Оқу жылының соңына дейінгі мектеп-лицейішілік дебат қозғалысының стратегиясы талқыланды.
Жас буындарға пікірсайыс форматтарын үйрету, таныстыру және кейстің құрылымы, аргумент, алгоритм, ақпарат іздеу технологияларын меңгеру мәселелері қарастырылды.
2021 жыл бойынша мектеп-лицейішілік дебат қозғалысының нәтижелері қорытындыланды және қалалық пікірсайыс турниріне қатысатын үздік пікірсайысшылар анықталды.