"ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" аясында "Қазағын сүйген Мұхтар" атты танымдық сағат өткізілді.

2022 ж.21 қаңтарда Оқу сауаттылығы апталығы: "ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!" аясында "Қазағын сүйген Мұхтар" атты танымдық сағат өткізілді.
Өткізілу формасы: Zoom платформасы
Қатысушылар категориясы:8 сыныптар
Мұхтар Әуезов қазақтың басына біткен бағы.Ол «Абай жолындай» дүниені дүниеге әкеліп, жер жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең пәлсапасын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берді. Оның өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін қайрап, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.