"Кітап әлемді бағындырады" тақырыбында "Kitap Fest"кітап фестивалі ұйымдастырылды.

21.01.2022ж.Оқу сауаттылығы апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында "Кітап әлемді бағындырады" тақырыбында "Kitap Fest"кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Мақсаты:оқырман мәдениетін қалыптастыру,оқырманға бірыңғай алаң ұсыну,кітапқа деген құмарлығын арттыру.Кездесу алаңының қонақтары:Үмбетова Алмагүл Қоғабайқызы-ақын,М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері,филология ғылымдарының кандидаты, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және шет тілдер секциясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Қуандық Мақсұтұлы Саденов-ақын,сазгер,журналист,Халық шығармашылығының Бүкілодақтық ll фестивалінің лауреаты,"Пульс"газетінің тілшісі.Кітап сүйер қауым ақындармен ашық алаңда тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып,өз ойларымен бөлісті.