"Жаңылтпаштан жаңылма" атты танымдық сайыс өтті.

"ХХ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы аясында 1-4 сыныптары аралығында "Жаңылтпаштан жаңылма" атты танымдық сайыс өтті.
Мақсаты: жаңылтпашты жатқа айтуға үйрету, тіл байлығын дамыту, ана тілге деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру
Оқушылар бірнеше жаңылтпашты жаңылмай жатқа айтып, жүлделі орындарға ие болды.
Сайыста белсенділік танытқан оқушыларға алғысымызды білдіреміз. Тілімізді анық, сөзімізді қанық ететін жаңылтпаштарды жаттап жүрейік