Таңдау курс бағдарламалары "Табиғат әлемі" "Логика әлемі"
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі» КММ – де қысқы каникулдық мектептің жұмыс жоспары аясында мектепалды даярлық сынып мұғалімі С.С.Мукашбекова «Логика әлемі», «Табиғат әлемі» таңдау курстары бойынша «Таңшуақ» шағын орталығы мен бастауыш кафедрасы арасында іс-тәжірибе алмасу өткізді. Таңдау курстары бойынша балалардың жасына сәйкес бағдарламалық міндеттер мен бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін және балалармен жүргізілетін жұмыс түрінің сипаттамасы жөнінде айтылды.
Бағдарламаның төменде көрсетілгендей жасалу критерийлерімен таныса отырып, педагогикалық қоржындарын толықтырды:
- Бағдарлама басқа бағдарламалардың мазмұнын қайталамауы тиіс;
- Бағдарламаның практикаға бағытталуы, ғылымилығы және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
- Өзектілігі мен келешектегі бағыты;
- Бағдарламаның барлық құрылымдық элементтерінің өзара байланысы;
- Инновациялылығы;
- Мақсаты, практикалық маңыздылығы;
- Мазмұнның толық болуы;
- Жүйелілігі;
- Бағдарламалық материалдың дамытушылық сипаты;
- Нәтижесі;
- Ұсынылған ақпараттың мәтінмен берілуі;
- Заманауи талаптарға сәйкес орналастырылған материалдардың білім берудегі және әдістемелік құндылығы;
- Бағдарламаны рәсімдеу мәдениеті.
Семинар соңында ашық микрофон ұйымдастырылып, жұмыстың барысын талқылап, сұрақтар қоя отырып, пікірлерімен бөлісіп, кері байланыстар берді.