«Математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы вебинар
20.12.2021 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы You Tube арнасында ұйымдастырған «Математикалық сауаттылықты дамыту» тақырыбындағы вебинарға мектеп-лицейдің жаратылыстану-математика пәндер кафедрасының мұғалімдері қатысып, тыңдады.
Қарастырылған тақырыптар:
- математикалық пайымдау;
- әртүрлі мәнмәтіндегі мәселені шешу;
- құбылыстарды болжау және түсіндіру.
Спикерлер математикалық сауаттылықтың құрамдас бөліктері-негізгі идеялар мен математикалық құзыретіліктер туралы толық ақпарат берді.
Математикалық құзыреттілікті арттыра отырып математикалық дағдыға айналдыру арқылы математикалық сауаттылықты қалай арттыруға болатыны туралы іс-тәжірибе қарапайым өмірлік мысалдар арқылы түсіндіріліп, нақты шешімін дер кезінде есептеу арқылы тұжырымдама жасау ұтымды болды.
Математиканы жақсы көруге, нақты ғылымның өзектілігі мен маңыздылығын терең түсінуге ықпал етті.