Размер шрифта:

21.12.2021ж. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТТІ

21.12.2021ж. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЪЕЗІ ӨТТІ

Мектеп-лицей ұжымы Facebook парақасынан қосылып тыңдады. Мұғалімдер қауымдастығы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналады. Педагогтер қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Олар сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдерді қарастырудың маңыздылығын атап өтті.
Съезге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар съезде елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылатыны туралы хабарланды. Осылайша, алғашқылардың бірі болып қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың бөлімшелері еліміздің әрбір ауданында, қала мен барлық өңірде жұмыс істейтін болатындығы айтылды.