"Үздік Әлихантанушы" номинациясы

«Әлихан Бөкейхан» қоғамдық қоры құрылтайшылардың келісімімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қаламыздағы жалпы білім беретін(қазақ-орыс) мектептер оқушыларының арасында әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаларымыз Абай Құнанбаев пен Әлихан Бөкейхан ілімі мен еңбектерін терең зерделеп оқып үйренуге және мемлекеттік тіліміздің мәртебесін өсіріп, қолданыс аясын кеңейту, болашақта оқушылар контигентінен Абай мен Әлихан танушылардың аудиториясын ұйымдастыру мақсатында шәкіртақы тағайындалып, ережеге сай оқушылар арасынан үміткерлерді іріктеп алды.
Нәтижесінде мектеп - лицейіміздің 10 "А" сынып оқушысы  "Үздік Әлихантанушы" номинациясы бойынша «Әлихан Бөкейхан» қоғамдық қоры төсбелгісімен және 100 000 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалды.
Құттықтаймыз!