«Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған онлайн-вебинар
14.12.2021 күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы You Tube арнасында «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұйымдастырылған онлайн-вебинарға мектеп-лицейдің мұғалімдері қатысып, тыңдады.
Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру, мәліметтерді талдау және қорытындылау, зерттеу және бағалау тақырыптары қарастырылды.
Вебинар барысында спикерлер сабақта оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар түрлерімен және жобалармен таныстырды. Шұғыла Ерғалиевна өзінің іс-тәжірибесі мен зерттеулер жұмысының маңызын нақты көрсетілді. Сәттілік тілейміз!
Дата: 11.01.2022, 14:26 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі