"ТҮЛЕКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ"

11.12.2021 күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қарағанды облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдасыруымен "Тарих толқынында" атты облыстық бірыңғай апталық аясында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің тарих факультетін бітірген мектеп-лицей түлегі,бүгінгі күні тарих пәнінің мұғалімі, "ТҮЛЕКТЕР АССОЦИАЦИЯСЫ" жетекшісі Қасқабекұлы Әбдібек өз жетекшілігімен 2015, 2016, 2018,2021 жылғы түлектермен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесу мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Кездесуге жан-жақтан жиналып келген түлектер өмірде қол жеткізген мақсат-мұраттарымен бөлісіп, ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінде бір-бір маман иесі атанған түлектердің білікті білім ошағы мен ұлағатты ұстаздарына деген ақжарма тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.