Размер шрифта:

«Денсаулық білгірлері» тақырыбында зияткерлік ойын

«Денсаулық білгірлері» тақырыбында зияткерлік ойын
 
10.12.2021ж күні Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ана тілім - дана тілім, бақ тілім!» Қазақ тілі апталығы бойынша «Таңшуақ» шағын орталығы «Раушан» ересек тобына «Денсаулық білгірлері» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Балалар жас ерекшеліктеріне сай жұмбақтар мен сұрақтарға жауап берді. Денсаулықты қалай күту және тұмаудан қалай сақтану керек екенін білді. Ойын арасында спорт биін билеп, жаттығу тапсырмаларын орындады.
Мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балаларға салауатты өмір туралы түсінік қалыптастыру;
- балалардың денсаулығын сақтау туралы білімдерін бекіту;
- балалардың танымдық белсенділігін дамыту, ойлауға, қорытынды жасауға үйрету;
- мақсаттылыққа, ерік-жігерге және мінезге, командалық қасиеттерге тәрбиелеу.