«Ана тілім дана тілім, бақ тілім!»

08.12.2021 ж. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі» КММ - де «Ана тілім дана тілім, бақ тілім!» қазақ тілі оқу сауаттылығы апталығы аясында 0 «А» мектепалды даярлық сыныбында әжелерімен бірге «Әжем пісірген бауырсақтар» атты бейнеролик түсіру ұйымдастырылды. 0 «А» мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Ерғазив Ерасыл әжесімен бірге бауырсақтың жасалу жолымен танысып, пісіру жолын білді және «Бауырсақ» ертегісінің желісімен бейнеролик ұсынды.
Мақсаты: Ұлттық нан тағамдарының бірі бауырсақ жайында айта отырып, бауырсақтың қалай жасалу жолын көрсету, нанды қастерлеуге тәрбиелеу және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.