Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.

Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.

04.12.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де "Тарих толқынында" тарихи сауаттылық апталығы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналған мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру.
Турнирге 7-9 сыныптардан құралған 14 команда белсенді қатысты:
1. «Агуас» фракциясы (7 «Б», «В» сыныптары);
2. «Жалын» фракциясы (7 «Ә», «В» сыныптары);
3. «Авторитет» фракциясы (7 «Б» сыныбы);
4. «Джентльмены» фракциясы (7 «А» сыныбы);
5. «Олимп» фракциясы (8 «А», «Ә» сыныптары);
6. «Squizyy» фракциясы (8 «А» сыныбы);
7. «Zeld» фракциясы (8 «А» сыныбы);
8. «067» фракциясы (8 «А» сыныбы);
9. «Armageddon» фракциясы (9 «А» сыныбы);
10. «Скала & Джонсон» фракциясы (9 «Ә» сыныбы);
11. «Прометей» фракциясы (9 «Б» сыныбы);
12. «Алаш» фракциясы (9 «Б» сыныбы);
13. «Эйфория» фракциясы (9 «В» сыныбы);
14. «Эбису» фракциясы (9 «В» сыныбы);
Турнир барысында келесі резолюциялар (қарарлар) талқыланды:
1. Бұл палата XXI ғасырдың ең қажетті мамандығын атайды;
2. Бұл палата шығынға батыратын мерекелік шараларды алып тастау керек деп есептейді (үйлену тойы, қыз ұзату, шілдехана т.б.);
3. Бұл палата жаһандану қазақ ұлтына кері əсерін тигізуде деп есептейді;
4. Бұл палата қазақ тарихындағы ең ұлы тұлғаны атайды;
5. Бұл палата жануарларға ғылыми эксперимент жасау аморальді деп есептейді.
Бес раундқа жалғасқан, қызу пікірсайыс ойындарының нәтижесінде:
• 1-орын – «Эбису» фракциясы. Спикерлер – Төкен Сәбина және Ұланова Тоғжан, 9 «В» сынып оқушылары;
• 2-орын – «Скала & Джонсон» фракциясы. Спикерлер – Әмен Әлибек және Таханов Сұңқар, 9 «Ә» сынып оқушылары;
• 3-орын – «Armageddon» фракциясы. Спикерлер – Мұрат Нұртілеу және Ибраимов Алихан, 9 «А» сынып оқушылары;

«Үздік спикер» номинациясының иегері – Айтказы Даяна, 7 «В» сынып оқушысы;
• «Үздік төреші» номинациясының иегері – Абылкаирова Жанель, 10 «А» сынып оқушысы.
Турнирге ат салысып қатысқан оқушылар дипломдармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Пікірсайыс турнирі санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі түрде өткізілді.