«Әлихан Бөкейхан – азаттықтың жаршысы»

«Әлихан Бөкейхан – азаттықтың жаршысы»

«Әлихан Бөкейхан – азаттықтың жаршысы»
27.11.2021 ж.
Үстіміздегі жыл тарихи  оқиғаларға  толы, себебі,   жыр алыбы     Жамбыл Жабаевтың – 175 жылдығымен, қазақтан шыққан тұңғыш құқық  магистрі    Жақып Ақбайдың  145 жылдығымен, белгілі математик, қазақ шекарасының тұтастығы үшін аянбай күрескен Әлімхан Ермектің  130 жылдығымен,  қазақ   поэзиясының көрнекті өкілдері: дауылпаз ақын   Қасым Аманжоловтың 110 жылдық және қазақ  поэзиясының  Хантәңірі атанған  Мұқағали  Мақатаевтың   90  жылдығымен,  ең басты құндылығымыз  Қазақстан  Республикасының 30 жылдық  тойымен, Алаштың  ұлы  көсемі  Әлихан  Бөкейханның 155 жылдық   ұлы  тойымен    тұспа – тұс  келіп отыр. 
Қазіргі таңда Қарағанды  облысы бойынша (Ақтоғай, Балқаш, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды) бес мектепте Әлихан   Бөкейханның  есімі  берілген.  2020 жылы   Қарағанды  облысы білім басқармасының және Қарағанды  облысында   білім  беруді  дамытудың  оқу - әдістемелік орталығының  идеясымен  «Әлихан  мектептерінің  альянсы»  құрылды.
Альянс мектептері қазіргі таңда етене бірлесіп, Әлихан Бөкейхан есімін, ел ісіндегі саяси қызметі мен еңбектерін насихаттауда нәтижелі жұмыстар істеуде. 
«Әлихан мектептері альянсының» жоспарына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ директоры Кузембаев Мартбек Кайркеновичтің ұйымдастыруымен бүгін онлайн форматта  альянс мектептерінің басшылығы, ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен ашық форматта «Әлихан Бөкейхан – азаттықтың жаршысы» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияның ашылу бөлімінде  алғашқы болып  Қарағанды  облысы  білім  беруді  дамытудың оқу – әдістемелік орталығының директоры   Абдикерова Бақытгүл Хималдиновна  сөз сөйлеп, Алаш қайраткерлерінің арысы Әлихан Бөкейханның  ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегіне тоқталып өтті.