Қалалық пікірсайыс турнирі

Қалалық пікірсайыс турнирі

23.11.2021 күні Қарағанды облысы ББ Балқаш қаласы ББ «Абай атындағы №2 мектеп-лицей» КММ «Сана» дебат клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
Қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері арасында өткізілген турнирде мектеп-лицейіміздің «Әлихан мұрагерлері» командасы топ жарып финалдық ойындарға тікелей жолдама алды.
Турнир қорытындысы бойынша «Әлихан мұрагерлері» фракциясының спикерлері - 11 «А» сынып оқушысы Бағдат Алиби мен 11 «Ә» сынып оқушысы Қошанова Айымжан жүлделі II орынға ие болды.
Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, ұйымдастырушылар тарапына алғысымызды білдіреміз!!!