«Мақал-мәтелдер бойынша балалар кітаптарын жасау»

«Мақал-мәтелдер бойынша балалар кітаптарын жасау»

22.11.2021 ж. күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі» КММ - де «Кел, балалар, оқылық!» оқу сауаттылығы апталығы аясында мектепалды даярлық сыныптар арасында «Мақал-мәтелдер бойынша балалар кітаптарын жасау» іс-шарасы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілермен бірлесе отырып мақал-мәтелдер бойынша әр түрлі тақырыпта балалар кітаптарын жасады.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді «сөз мәйегі-мақал» дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға тәрбиелей отырып, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру және сөздік қорын молайту, мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.