«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

2021 жылдың 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасылардың оқушыларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және жетім балалаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңіне оқу-құрал, киім-кешек, аяқ киім түрлерінен көмек беру. Яғни, әлеуметтік жағдаяттардың алдын алуға бағытталған.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акция шеңберінде жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен оқушыларға киім-кешек, аяқ киім беріліп жатыр. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 21 оқушыға оқу-құралдар толық таратылып берілді. Көмек алған оқушылардың ата-аналары алған көмек түрлерінің көңілдерінен шыққанын айтып, алғыс білдіруде.