«Кітап бұрышымен жұмыс»

Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Кел, балалар оқылық» оқу сауаттылық апталығы бойынша «Таңшуақ» шағын орталығына «Кітап бұрышымен жұмыс» (ертегі кітаптарымен толықтыру) жасалды. Кітап бұрышы ертегі кітаптарымен толықтырылып, балалардың ертегі кітаптарына деген қызығушылықтарын арттырдық.
Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Балалардың әртүрлі әдеби қызығушылықтарын қанағаттандыру; мектеп жасына дейінгі балалардың ертегі кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру; топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кітап бұрышына қолайлы жағдай жасалынды.