«Табиғатты аялап сақтайық!»
Қараша айының 01-06 күндері аралығында "Күзгі мектеп-2021" аясында «Табиғатты аялап сақтайық!» - макулатура жинау атты тақырыбында біздің мектепте жалпы мектепішілік « макулатура жинау» экологиялық акция өтіп жатыр. Макулатура жинауда 1-11 сынып оқушылар қатысуда. Жиналған макулатура өлшеніп өндеуге жіберіледі. Акция нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Акцияның мақсаты: біздің ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын сақтау және оларға жауаптылықпен қарау, қалдықтарды бөлек жинау, атап айтқанда – макулатураны (қағаз қалдықтарын) жинау және өңдеу қағидалаларын насихаттау.
Акцияның міндеті: бірнеше тонна макулатураны жинап, қайта өңдеуге жіберу арқылы ондаған ағаштарды сақтап қалу, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және корпоративтік деңгейде экологиялық жауапкершілікті дамыту.
Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің және тіршілігінің нәтижесінде қоршаған ортаға тән емес заттар көп мөлшерде шығарылып, табиғи орта ластануда.Біздің мақсатымыз екіншілік шикізат болып табылатын қағаз қалдықтарын – макулатураны тиімді пайдалану қажет екенін көрсету. Макулатураның (қағаз қалдықтарының) 1 тоннасын іске асыру арқылы 400 м3 ағаш өнімін сақтап қалуға болады, ал бұл –5 үлкен ағашты сақтап қалумен бірдей!
Жыл сайын планетадағы өсімдіктер 150 млрд тонна көміртекті өндеп, атмосфераға 25 млрд тоннадан астам оттек бөліп шығарады. Ауданы 1 гектарға тең орман алқабы 1 күнде 40 тонна суды буландырады.
Қағаз қалдықтарын қайта пайдалану тек ормандарды сақтаумен шектелмейді, сонымен бірге қағаз қалдықтарын жинап алып, іске асыру – табиғат ластануының алдын-алу болып табылады.
Акцияны ұйымдастырушы және жетекшісі: география пәні мұғалімі С.К.Сатбек