«Мектебім бөлдір бұлағым - Тәуелсіздік-жыр әнім»
2021 жылдың 3 қарашасында қала және аудандардың білім бөлімдері басшыларының және білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен Қарағанды облысы білім басқармасының алқа жиналысы өтті.
Алқаның күн тәртібіндегі Әлихан Бөкейханов атындағы №15 метеп-лицейінің тәрбие жұмысының тәжірибесімен мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызы бөлісті. Мектеп-лицейдің шәкірттерінің алтын ұя мектебінің әр табысы мен жеңісін «Мектебім бөлдір бұлағым -
Тәуелсіздік-жыр әнім» атты бейнебаянын ұсынып, мектеп-лицейішілік «Самұрық» атты тәрбие бағдарламасына жүйеленген жұмыстары, ұстаз, ата-ана, оқушылардың «Шаңырақ» қауымдастығына біріккен үштік одағымен 7 құндылыққа негізделген қағида арқылы ынтымақтастықта атқарып жатқан игі істердің ортақ жемісі отбасының әлеуметтік жуапкершілігін арттыратын «Ұлағат аталар-әкелер мектебі, «Парасат» әжелер- аналар мектебін, «Жас ата-аналар» мектебі, «Қыз Жібек» қыздар клубы, «Серілер» ер балалар клубы арқылы тәрбиеленуде.
Оқыту мен тәрбиелеудің бірізділігі мен тұтастығын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың сабақта және сабақтан тыс уақытта жобалық қызметін шығармашылықпен ұштастыру көшбасшылық пен әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін «Жасыл мектеп», «Оқитын отбасы», «Туған өлкем-неткен көркем», «Сән әлемінде», «Театр әлемінде», «Шексіз математика», «Әлихантану» өміршең жобалардың жүйелі жұмыстары ұсынылды.
"Баланы заманына лайықты етіп тәрбиелеу керек" деген ұлы педагог М.Жұмабаевтың ойы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне қаратып айтылғандай.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады.