«Кел, балалар оқылық»

02.11.2021ж күні Қарағанды облысы білім басқармасы және оқу – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Кел, балалар оқылық» оқу сауаттылық апталығы бойынша «Таңшуақ» шағын орталығы «Раушан» ересектер тобының балаларына мектеп ішіндегі кітапханаға саяхат жасалды.
Апталықтың мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.