«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап»

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап»

25 - 29 қазан аралығында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында 1-11 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты виртуалды кітап көрмесі және 5-7 сыныптар арасында «Тәуелсіздік - тұғырым!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: 30 жыл бойы жеткен Тәуелсіз еліміздің жетістіктеріне, Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғаларға көркем шығармалар арқылы шолу жасау, оқушыларды туған ел тарихын білуге тәрбиелеу.
5-7 сыныптар арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - тұғырым!» тақырыбында сурет байқауына 27 оқушы қатысып, нәтижесінде 1 орын - Аманжол Ақбота 6 «Б» сынып, Жарылқаған Диар 7 «Ә» сынып, 2 орын - Ерболатұлы Ерхан 7 «Ә» сынып, Сайлау Амина 6 «Б» сынып, Нығметуллина Аяжан 5 «Б» сынып, 3 орын - Абикенова Алтынай 7 «Ә» сынып, Жұмабай Кәусар 5 «Б» сынып, Сәрсенбекова Жанайым 5 «Б» сынып, Жақсылық Дильназ 5 «Б» сынып оқушылары марапатталды.