"Оқушылардың "Зерек" жобасы бойынша шығармашылық, танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамыту"

Білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Ж.А. ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің "Зерек" жобасы бойынша қалалық теориялық түсіндірме семинары болып өтті. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Рахимбекова К.О "Оқушылардың "Зерек" жобасы бойынша шығармашылық, танымдық, зияткерлік қабілеттерін дамыту" тақырыбында мектеп-лицейіміздегі атқарылған жұмыстар арқылы қала педагогтеріне түсіндірме-кеңес ұсынды. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстардың тиімділігін атап көрсетті.