«Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру»

 «Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру»

21 қазан 2021 жылы шет тілдер кафедрасының жас мамандарымен педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.К. Буденова «Бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: жас мамандарға бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек беру.
Семинарда мақсатты дұрыс қоя білу, тапсырмаларды сыныптың ерекшелігін ескере отырып құрастыру, талдау жасау, құжаттармен жұмыс жүргізу туралы айтылды. Семинар барысында мұғалімдер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.