"Қарама-қарсы түстер", "Музыкадағы көңіл күй" атты кіріктірілген сабақ өтті.
"Шеберлік әлеміне саяхат" эстетикалық пәндер апталығы аясында 12-қазан күні 3 "Ә" сыныбында музыка және көркем еңбек пәндерінен "Қарама-қарсы түстер", "Музыкадағы көңіл күй" атты кіріктірілген сабақ өтті.
Сабақта оқушылар қарама-қарсы түстермен ,музыкадағы көңілді-көңілсіз әндермен танысты.
Оқушылар көңілді ән айта отырып,музыкалық шығармаларды интонация,әуен арқылы танып ажыратты, қарама-қарсы түстерді пайдаланып сурет салды, түрлі - түсті қағаздардан ұжымдық композиция құрастырды.
Дата: 27.10.2021, 16:24 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі