"Домбыра сазы" тақырыбында шеберлік сағаты

12.10.21 күні
«Шеберлік әлеміне саяхат» эстетикалық пәндер апталығы аясында "Шабыт" домбыра үйірмесінің жетекшісі Тлеубек Думан Мұратұлының ұйымдастыруымен "Домбыра сазы" тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға баулу, домбыра аспабына деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани жан дүниесі бай, ізгілікті тұлға тәрбиелеу.
Шеберлік сағатында "Шабыт" домбыра үйірмесіннің қатысушылары домбыра үйренудің сатылық кезеңдерін көрсетіп, шеберліктерімен бөлісті.