«Әуенім менің туған жерім»

11.10.21 күні
«Шеберлік әлеміне саяхат» эстетикалық пәндер апталығы аясында жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Әуенім менің туған жерім» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп-лицей оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, атсалысты.
3 «В» сынып оқушысы Иманғазыев Мейірлан «Мен қазақпын» әнімен, 8 «А» сыныбының оқушы қыздары «Тәуелсіз ел Қазақстаным» әуенімен, 4 «Ә» сынып оқушылары «Батырлар» биін билеп, 6 «В» сынып оқушысы Садвакасова Томирис сыбызғымен «Серенада» әуенін ойнап, 4 «Б» Искакова Айару «Отаным менің!», 3 «А» сынып оқушылары «Тәуелсіз ел ұранын» әнін орындап, өз өнерлерімен көрермен қошеметіне бөленді.

Бейне - роликті көру үшін төмеңдегі сілтемеге өтіңіз:

https://www.instagram.com/tv/CU5T_zZo5ff/?utm_source=ig_web_copy_link