"Шеберлер әлеміне саяхат"атты эстетикалық пәндер апталығы

"Шеберлер әлеміне саяхат"атты эстетикалық пәндер апталығы аясында мектеп-лицейімізде "Отырар" шаңырақ тобы оқушыларымен "Мәдени мұра мәңгілікке сыр шертеді" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Оқушыларды ұлттық құндылықтарға, мәдени мұраға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал етіп, еліміздің тарихи - мәдени мұраны дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында өткен танымдық сабақта 2"В"және 6"Ә" сынып оқушылары "Солай ма?...", "Дара диаграмма", "Сұрақтар шеңбері"әдістерімен өз білімдерін көрсете білді.