"Сөздің ең ұлысы - тарих"

6.10.2021ж күні Өнегелі өмір жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ермұқанов Еркін Нұратдинұлымен "Сөздің ең ұлысы - тарих" тақырыбында кездесу болып өтті. Қатысушылар категориясы: 8-11 сынып оқушылары.
Кездесудің мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер туралы мағлұмат беру, Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде болашақ тарих мамандығын таңдаған түлектерге кеңес беру.
Сұрақ-жауап рубрикасы бойынша белсене қатысқан оқушылар:
11 "Ә" сынып оқушысы - Жанабеков Дарын;
10 "Ә" сынып оқушысы - Несіпек Ерсін;
9 "Б" сынып оқушысы - Асқар Айгерім;
8 "А" сынып оқушысы - Сағымұлы Мәди.

Модератор: Асемханова Г. Б.