ALIKHAN CUP II

ALIKHAN CUP II

02.10.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру. 
Турнирге 8-11 сыныптардан құралған 18 фракция белсенді қатысты:
«Алаш» фракциясы (8 «А» сыныбы);
«Zeld» фракциясы (8 «А» сыныбы); 
«067» фракциясы (8 «А» сыныбы);
«Younglxrd» фракциясы (8 «А» сыныбы);
«Armageddon» фракциясы (9 «А» сыныбы);
«Якудзы» фракциясы (9 «Ә» сыныбы);
«Прометей» фракциясы (9 «Б» сыныбы);
«Жеңіс» фракциясы (9 «Б» сыныбы);
«Осириус» фракциясы (9 «В» сыныбы);
«Эбису» фракциясы (9 «В» сыныбы);
«Тихея» фракциясы (10 «А» сыныбы);
«Грация» фракциясы (10 «А» сыныбы);
«Гладитор» фракциясы (10 «А» сыныбы);
«Alpen Gold» фракциясы (10 «Ә» сыныбы);
«Эрмий» фракциясы (11 «А» сыныбы);
«Альфа» фракциясы (11 «А» сыныбы);
«Олимп» фракциясы (11 «Ә» сыныбы);
«Milwaukee Bucks» фракциясы (11 «Ә» сыныбы).

Алты раундқа жалғасқан, қызу пікірсайыс ойындарының нәтижесінде:
Гран-при иегері – «Гладиатор» фракциясы. Спикер – Абылкаирова Жанель, 10 «А» сынып оқушылары;
1-орын – «Альфа» фракциясы. Спикерлер – Жұмаш Елжан және Ғабдулманат Ерасыл, 11 «А» сынып оқушылары;
2-орын – «Armageddon» фракциясы. Спикерлер – Төлеухан Алуа және Мұрат Нұртілеу, 9 «А» сынып оқушылары;
3-орын – «Milwaukee Bucks» фракциясы. Спикерлер – Жанабеков Дарын және Бағдат Әліби, 11 «Ә» сынып оқушылары;
«Үздік спикер» номинациясының иегері – Абылкаирова Жанель, 10 «А» сынып оқушысы;
«Вице-үздік спикер номинациясының иегері – Қошанова Айымжан, 11 «Ә» сынып оқушысы.
Пікірсайыс турнирі санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі түрде өткізілді.

P. S. Сенбі күнін тиімді пайдалану мақсатында мектеп-лицейішілік пікірсайыс турнирі "Тарих толқынында" тарихи сауаттылығы апталығына бекітілген жоспардан ертерек өткізілді.