"АНАЛАР КҮНІ!"

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қазақстанда Аналар күні аталып өтеді.
Бұл мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2012 жылы бекітілді.
Сол жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартты.
Сондай-ақ Елбасы қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды.
Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 Жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді.
Оған сәйкес, елде жаңа мейрам - Аналар күні мерекесі тойланатын болды.

Бейнероликті көру үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.instagram.com/p/CUAeom2IBG0/?utm_source=ig_web_copy_link