«Серілер» ұлдар клубы
16.09.2021 күні мектеп - лицейде 8 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
"Ұл тәрбиесі, ұлдарға кеңес" тақырыбында баяндама - мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.К Аупешова
Мектептің iшкi тәртіп ережелерімен таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуы, қарым-қатынас мәдениеті, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі, мектеп формасына қойылатын талаптар тәртібі туралы айтып өтті.
Мектеп - лицей педагог-ұйымдастырушысы, әскери жетекшісі Т.Е Сауғамбаев мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану туралы ақыл- кеңестер берді. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
«Серілер» ұлдар клубының жетекшісі С.К.Сатбек биылғы оқу жылындағы жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.