Мерейлі отбасы
Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" Ұлттық байқаудың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, мектеп-лицейдің Алтынбековтер отбасы жүлделі II - орынға ие болды.
Елбасы жарлығымен бастау алған “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсының мақсаты – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.
Шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі отбасылар қатары көп болсын деп тілей отырып, Алтымбековтер отбасын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Дата: 16.09.2021, 16:04 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі