Размер шрифта:

«Ұлы Даланың рухани мұрасы - кітап»

«Ұлы Даланың рухани мұрасы - кітап»

11.09.2021 ж. Отбасы күніне арналған кітапханада «Ұлы Даланың рухани мұрасы - кітап» тақырыбында отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесіне рухани ізгілікті қалыптастыру мақсатында кітапхана кеңесінің мүшелері мен ата-аналар, мұғалімдердің қатысуымен Zoom платформасы арқылы оқырман сағаты өткізілді.
«Оқырман отбасы -2021» сайысының қорытындысы бойынша 2021 жылдың жеңімпазы атанған Мағаз отбасын директордың кәсіби бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары Мағза Берлібек Балтабекұлы Алғыс хатпен марапаттап, «Оқырман отбасы -2020» сайысының жеңімпазы Күмісхандар отбасы ауыспалы кубокты табыс етті. Шара барысында мұғалімдер Ахмедиева А.Қ. , Нурбаева А.С., Буденова С.К. жеңімпаз отбасын құттықтап, кітапхана кеңесінің мүшелері кітаптың адам өміріндегі алатын орны жайлы айтып, «Жиырма минуттық кітап оқу» сағатының маңызына тоқталды.