«Ұлт руханиятының алыбы» атты танымдық сағаты

«Ұлт руханиятының алыбы» атты танымдық сағаты

04.09.2021 күні
5 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Тіл – достықтың кепілі» іс-шаралар жоспары аясында «Ұлт руханиятының алыбы» атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағаттың мақсаты: білім алушыларға Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы баяндау, мақалаларына талдау жасау, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру, оқушыларды ақын шығармашылығына құрметпен қарауға үйрету, өмірде өз орны бар азамат етіп тәрбиелеу, бойына асыл қасиеттерді сіңіре білу, адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке баулу.
8 «А» сынып оқушылары Қабдығали Қарақат, Абасбек Айгерім, Ұзақбай Айару, Маратов Мансұр, Ермек Жанар, Алхамбаев Исламдияр өлең жолдарын оқыды.
Танымдық сағат барысында Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық және ғылыми қызметі туралы көптеген қызықты мәліметтер мен фактілер қарастырылды.