"Алаштың Ахметі"

04.09.2021ж Тілдер күніне орай қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған "Алаштың Ахметі" тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен тағылымдық сағат өткізілді . Тағылымдық сағатта «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұраларынан құнды мәліметтер алып, ой бөлісті.