Жолдау – Ел игілігі жолында!

Жолдау – Ел игілігі жолында!

 

Жолдау – Ел игілігі жолында
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін жолдауы «Білім күні» мерекесімен тұспа-тұс келді. Еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрыс - ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп тұр. Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды айтты.