«Кел, балалар оқылық!»

«Кел, балалар оқылық!»

1.09.2021 күні мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің құрметіне арналған «Кел, балалар оқылық!» атты салтанатты жиыны өтті.
Тұғыры биік Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған сағынышқа толы 1-қыркүйек Білім күні мектеп-лицейіміздің директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен басталды.
Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай қоғамдық қор демеуімен тағылған арнайы төсбелгісі 1-сынып оқушыларына берілді.
Қазақ халқының Ұлы ағартушысы А.Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде "Әліппе" оқулығы салтанатты түрде тарту етілді.
Қоңырау сыңғырын асыға күткен бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.