«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ»

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ»

31.08.2021 күні мектеп лицей ұжымына «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ» тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің І бөлімі мектеп-лицейдің алдында ашық ауада ұйымдастырылып, ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұқсинов Е. С «Өрмекші» әдісімен тимбилдинг ұйымдастырды.
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:
1. Мұғалімдерге арналған тимбилдинг ашық ауада “Өрмекші” әдісімен тимбилдинг ұйымдастырды.
2. МДЖ –білім беру жүйесінің басты бағдары
3. 2020-2021 оқу жылы бойынша оқу-тәрбие үрдісіне сараптама
4. «Мұғалім тәжірибесіне әдістемелік қолдау көрсету»
5. «Мектепке жол» республикалық акциясы
6. 2021-2022 оқу жылының оқу жоспары (мектеп ұжымының педагогикалық жүктемесі, педагогикалық әдеп қағидалары, аусымдар, қоңырау кестесі, сыныптар контингенті, оқу кабинеттері т.б)
7. «Білім сапасы: қолайлы жағдайдан тиімді нәтижеге дейін» республикалық, облыстық тамыз кеңесі, ӘНХ бойынша отырыстардың қорытындысы бойынша ұсыныс-пікірлер, ашық сұрақтар.

Педагогикалық кеңестің қорытынды бөлімінде 2020-2021 оқу жылында табысты жетістіктерге жеткен педагогтер қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасы табысталды.