«Болашаққа интелектуалды серпіліс»

 «Болашаққа интелектуалды серпіліс»

2021 жылдың 19 мамыры күні 4 сынып оқушыларының «Болашаққа интелектуалды серпіліс» атты дәстүрлі онлайн- форумы өтті.
Форумға 4-сынып оқушыларының ата-аналары мен ата-әжелері, мектеп-лицей әкімшілігі қатысты. Басты кейіпкерлер 4 жыл бойы білім мен тәрбиені бойларына сіңіріп, өздігінен білім алуға дағдыланған табысты оқушылар өз жетістіктерінің нәтижелерін «Жетістістіктер галереясы», «Шуақты 4 жыл …» бейнежазбалары арқылы көрсетті.
Форумның ІІ бөлімінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын насихаттау, мектеп-оқушы-ата-ана үштік моделінің ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Әже тағылымы» сахналық қойылымының бейнежазбасы ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай
«Z ұрпақтары» үгіт насихат тобының бейнежазбасы ІІІ бөлімде орын алды.
Табысты оқуға ұмтылған, функционалды сауаттылығы негізделген, орта буынға қадам басқалы отырған шәкірттерімізге ақ жол!