"Болашаққа жолдама" "Мамандықтар жәрмеңкесі"

04.05.2021 күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Облыстық "Болашаққа жолдама" Форумы аясындағы "Мамандықтар жәрмеңкесі" көрмесі өтті. Онлайн форум барысында мектеп-лицейдің 8-10 сынып жетекшілері мен оқушылары қатысты. Форумда:
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті;
Қарағанды Экономика Университеті;
А.Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі; Қарағанды техника-құрылыс колледжі; Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжі;
Абай көпсалалы колледждерінің "кәсіби бағдар беру" бойынша мамандары
оқу орындағы оқу-тәрбие үрдістері;
оқу орындарына түсу шарттары;
материалдық-техникалық базасы туралы жалпы мәліметтермен бөлісті.