QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижелерімен расталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

 QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижелерімен расталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

 QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижелерімен расталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды.

Ұсынылған есептер негізінде, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен бекітілген COVID-19 қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес, вакцина медициналық қолдануға жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, QAZVAC уақытша тіркеу куәлігі 2020 жылдың 31 желтоқсанында берілген болатын.
Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% белгісінен өтті және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Вакциналардың клиникалық зерттеулері, соның ішінде III фазада, бүкіл әлемде жалғасуда. Сонымен, Ресей Федерациясы «Спутник V» зерттеулерін 2021 жылдың мамыр айының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтикалық компаниялар өз зерттеулерін 2022-2023 жылдары аяқтайды.

Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешімдер әлемнің көптеген реттеуші органдарында қабылданады. Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қарамастан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.