«Мәңгілік нұрдың қызметшісі»

«Мәңгілік нұрдың қызметшісі»

24.04.2021 Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Мәңгілік нұрдың қызметшісі» тақырыбында Ы.Алтынсарин белгісінің иегері, француз тілі пәнінің мұғалімі, ардагер – ұстаз Несіпқайша Ғылымжанқызымен кездесу өткізілді. Кездесу қонағы ардагер –ұстаз Несіпқайша Ғылымжанқызы оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмір жолынан бастап, өнер- білім жолындағы ізденістерін, ұлтына жасаған қызметі туралы деректерді мысал ете отырып тереңінен арнайы дайындап әкелген ақпаратымен бөлісті. Сонымен қатар мектеп- лицей оқушылары көкейлеріндегі сан түрлі сұрақтарын қойып, пікіралмаса отырып, тұшымды жауаптармен қанықты.
Оқушылар мен ұстаздар саналы ғұмырын сапалы білімге арнаған, білімі мен тәжірибесін болашақ үшін сарп еткен ардагер – ұстаздың аузынан шыққан әр сөзін ыждағаттылықпен тыңдап, мол ғибрат алды.