«Жас ұрпақтың рухани дамуындағы кітаптың маңызы»

«Жас ұрпақтың рухани дамуындағы кітаптың маңызы»

Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне арналған қалалық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы қызметкерлерімен серіктестік қызметте мектеп-лицейіміздің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Жас ұрпақтың рухани дамуындағы кітаптың маңызы» тақырыбында кітапханалық калейдоскоп өтті.Іс-шара барысында кішкентай оқырмандар қалалық балалар кітапханасының залдарына виртуальды саяхат жасап Балқаш қаласы жайлы зияткерлік ойынға қатысып, 2 «А» Кендебай Кәусар,4 «Ә» Сейтқасым Тоғжан, Құрманбай Бейбіт, Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін оқыса,2 «Ә»,
3 «А», 4 «А» , 4 «Ә», 4 «В» сыныбының оқушылары кітап жайлы ойларымен бөлісіп, кері байланыс орнатты.