"Бастауыш сынып оқушыларының оқу уәжін (мотивациясын) дамыту"
23.04.2021 күні бастауыш сынып мұғалімі Сейткалиева Светлана Несипбековна "Бастауыш сынып оқушыларының оқу уәжін (мотивациясын) дамыту" тақырыбында қалалық деңгейде воркшоп өткізді.
Мақсаты: оқушының ішкі мотивациясын қалыптастыру жолдары,білім алуға мотивациясын қалыптастыру үшін қолданылатын құралдарды пайдалану.
Ашық алаңды өзі жайлы қызықты әңгімеден бастады. Оқушы кезіндегі әжесінің мақтау, мадақтауы, қолдауы, әжесінің әдемі әңгімелері бүгінгі күні өмірде өз орнын табуға үлкен мотивация болғанын атап өтті.
Сонымен қатар оқушының мотивациясын дамытуға бағытталған іс-тәжірибесіне бөлісті.
Дата: 26.04.2021, 10:16 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі