"Жас шежіреші "

20.04.2021 күні "Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі" ҚМҚК және Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ ұйымдастыруымен мектеп ізденіс топтары арасында "Жас шежіреші " қалалық байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілді.
Мақсаты - оқушыларды еліміздің, туған қаламыздың тарихын зерттеуге қатыстырып, іздестіру жұмысын жүргізуге дағдыландыру, отансүйгіштікті қалыптастыруға баулу.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1-ші кезеңде 2020-2021 оқу жылында "Тәуелсіздік тағылымы" зертханасында атқарылған жұмыстар ұсынылды.
2-кезеңде қатысушылар биылғы еліміздің және қаламыздың тарихындағы айтулы мерекелік жылдарға байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Байқау қорытындысы бойынша 5 - сынып оқушыларынан құралған ізденіс тобы бас жүлдеге ие болды.
Құттықтаймыз!