«Болашаққа арналған минут»
15.04.2021
10 Ә сыныбы«Болашаққа арналған минут»
Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау.
Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын үлкен жауапкершілік. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Сондықтан, болашақта дұрыс мамандық таңдай білейік.... деп оқушыларға үлкен сенім артылды.