«Үздіксіз ізденіс – мұғалімнің кәсібіи шеберлігі»

«Үздіксіз ізденіс – мұғалімнің кәсібіи шеберлігі»

14.04.2021 күні мектеп-лицейдің бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Зерек» жобасы аясында «Үздіксіз ізденіс – мұғалімнің кәсібіи шеберлігі» тақырыбында қала мектептері мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
«Зерек» жобасының негізі міндеттері:
пәнаралық білім беру;
мультимедиялық тәсілмен ақпарат алу;
оқу материалын қабылдауда «екіжақты дамуды» қолдану;
балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу;
оқушылардың сабақтағы енжарлық деңгейін төмендету;
денсаулық сақтау технологиясы;
жағымды эмоционалдық көңіл-күй;
Осы міндеттерді іске асыру барысында үшжылдық жұмыстың нәтижесін бастауыш сынып мұғалімдері Рахимбекова К.О., Жуманова Г.М.; ЖакуповаШ.Т., Стамкулова Ж.К.; Кушелекова М.Қ., Сатыбалдина Г.Х. ; Сулейменова Ж.Н., Тергеубаева К.А. ; Шуленбаева Г.Ж. іс-тәжірибе арқылы көрсетті.
Семинар соңында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.А Айтжанова семинар бойынша ұсыныс-пікірін білдіріп, ашық алаңда педагогтер кері байланысқа түсті.