«Көптілділік – заман талабы»

«Көптілділік – заман талабы»

12.04.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ жанындағы «Әлихан мұрагерлері» дебат клубының ұйымдастыруымен «Көптілділік – заман талабы» тақырыбында жолдастық кездесу форматындағы пікірсайыс ойыны өтті.
Турнирдің мақсаты: Оқушылар арасында сыни ойлау тұрғысын, ораторлық қабілет, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы зияткерлік және шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыру.
Турнир барысында келесі резолюциялар (қарарлар) талқыланды:
1. Б.П. ҚР-дағы үштұғырлы тіл принципін құптайды;
2. Б.П. ҚР-дағы ЖОО-лар ағылшын тілінде оқыту керек деп есептейді;
3. Б.П. орыс тілін қазақ тілімен қатар мемлекеттік тіл деп жариялайды;
Үш раундқа жалғасқан, қызу пікірсайыс ойындарына қатысты:
 «Афина» фракциясы. Спикерлер – Асанова Әдемі және Абылкаирова Жанель, 9 «А» сынып оқушылары;
 «Демосфен» фракциясы. Спикерлер – Омарханова Ақбота және Тұяқ Ақерке, 9 «В» сынып оқушылары;
Тайм-кипер: Құсайын Мирас, 9 «В» сынып оқушысы;
Парламентарий: Сатыбалды Айдана, Тілек Еркенұр, Несіпбай Назерке, Жексембек Нәби, Қалық Жанасыл.
Пікірсайыс ойыны санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дәстүрлі түрде өткізілді.